Францияда жаттығу кезінде екі әскери ұшақ соқтығысып, апатқа ұшырады
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025
- 228

Францияның шығысындағы Сен-Дизье қаласы маңында Patrouille de France әуе тобының екі Alpha Jet реактивті ұшағы жаттығу кезінде апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қорғаныс министрі Себастьен Лекорнюдің мәліметінше, екі ұшқыш пен бір жолаушы катапульт жасап үлгерген. Олар жеңіл жарақат алған.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларға қарағанда, ұшақтар жоғары пилотаж элементтерін орындау кезінде соқтығысқан. Апаттан кейін ұшақтардың бірі кәсіпорын аумағына құлап, өрт шыққан.
"Қара түтін көрдік. Барлығы өте тез болды. Жол жиегінде қанаттардың сынықтары жатты, бұл өте әсерлі көрініс еді", – деп баяндады оқиғаның куәгерлері BFMTV арнасына.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Су басқан автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ұқсас жаңалықтар
Германия президенті канцлер мен үкіметті отставкаға жіберді
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025