жексенбі, 30 наурыз, 2025 0:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Су басқан автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Су басқан автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: ҚазАвтоЖол
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" мәлімдеді

Еріген қар суларының салдарынан үш облыста республикалық маңызы бар үш автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ақтөбе облысында «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы, яғни Қандыағаш пен Ембі қалалары арасындағы жол жабылды. 

Қостанай облысында Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап аймақта, Мариновка ауылына жақын маңда қозғалысқа шектеу енгізілді. 

Солтүстік Қазақстан облысында «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырым аралығында, Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейінгі учаскеде көлік қозғалысы тоқтатылды. 

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына 45 арнайы техника мен 57 маман жұмылдырылды. Жолдардағы жағдай бақылауда, қажетті шаралар қабылдануда.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар