Әлемде
Iphone ұрлап, фотосессия жасаған маймыл желіні шулатты
- авторjambylinfo.kz
- 16 қыркүйек, 2020
- 377
Iphone ұрлап, фотосессия жасаған маймыл желіні шулатты
Iphone-нынан көз жазып қалған Малайзия тұрғыны ұрының кім екенін білгенімен, оған жаза қолдана алмай қиналып отыр. Өйткені, қалтафонды қолды қылған жергілікті маймыл болып шыққан.
Малайзияның Бату қаласында тұратын 20 жастағы студент Закридз Родзи (Zackrydz Rodzi) Пахат ерекше жағдайға тап болды. Оның үйінен смартфоны ұрланған. Соншалықты ұқыпты әрекет еткен баукеспе артынан ешқандай із қалдырмапты.
"Мен оянып, смартфонның орнында жоқ екенін байқадым. Бір қызығы, оның мұқабасын шешіп, қалдырып кетіпті. Үйдің есігі жабық, кілт те, құлып та орнында. Ең таңқаларлығы, телефон қосулы болды, бірақ менің қоңырауларыма ешкім жауап бермеді", дейді жәбірленуші өзінің Facebook парақшасында.
Содан кейін болашақ программист смартфонның орналасқан жерін геолокация арқылы тануға тырысқан. Бірақ бұл нәтиже бермепті. Түйсігіне сүйенген, жігіт әкесімен бірге үйдің жанындағы джунглиге аттанады. Өз нөміріне қоңырау шалып, ол пальма ағашының астындағы таныс әуенді есітеді. Осылайша, жоғалған құрылғысын тауыпты.
iPhone дымқыл әрі лас болды. Бірақ еш жеріне сызат түспеген және сынбаған. Қосымшаларды тексере отырып, смартфонның иесі таң қалады. Телефон галереясы маймыл жасаған фотосуреттер мен бейнелер толы болыпты. Бір қызығы, барлық фото және видео түсірілімдерді маймыл селфи арқылы жасаған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
COVID-19: ДДСҰ тағы бір қазақстандық вакцинаны тіркеді
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Әлемде
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024