дүйсенбі, 19 қаңтар, 2026 12:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ирандағы жағдай біршама тұрақталды

Ирандағы жағдай біршама тұрақталды
REUTERS / Stringer
Алғашында бейбіт сипатта басталған шеру уақыт өте келе қақтығыстарға ұласты. Тәртіпсіздік кезінде қоғамдық нысандар, мешіттер мен мемлекеттік мекемелерге зиян келтіріліп, банктер шабуылға ұшыраған. Иран билігі бұл оқиғаларға АҚШ пен Израильді жауапты деп санайды.

Иранда бірнеше апта бойы жалғасқан жаппай наразылықтардан кейін елде салыстырмалы түрде тыныштық орнады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алайда АҚШ тарапынан ықтимал әскери қадамдар болуы мүмкін деген қауіп сейілер емес.

Осы белгісіздік салдарынан елдегі іскерлік белсенділік бәсеңдеген. Ұлттық валюта – риалдың күрт құнсыздануы желтоқсан айының соңында бірқатар қалаларда халық наразылығын туғызған. Алғашында бейбіт сипатта басталған шеру уақыт өте келе қақтығыстарға ұласты. Тәртіпсіздік кезінде қоғамдық нысандар, мешіттер мен мемлекеттік мекемелерге зиян келтіріліп, банктер шабуылға ұшыраған. Иран билігі бұл оқиғаларға АҚШ пен Израильді жауапты деп санайды.

Соңғы күндері АҚШ президенті Дональд Трамп наразылық білдірушілерге қолдау білдіріп, Иранға қарсы әуе соққысы жасалуы мүмкін екенін бірнеше мәрте мәлімдеген. Бұған жауап ретінде Тегеран Вашингтонды елдің ішкі ісіне араласпауға шақырып, тұрақсыздық пен терроризмді қоздыру әрекеттерін тоқтатуды талап етті.

Ресми деректерге сәйкес, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде кемінде 5 мың адам қаза тапқан, олардың 500-і – қауіпсіздік қызметкерлері. Шиеленіс шарықтаған тұста билік интернет байланысын уақытша өшірген. Қазіргі таңда желі ішінара қалпына келтірілгенімен, интернетті шектеу немесе толықтай бас тарту мәселесі әлі де қарастырылып жатыр.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар