Кабулда ірі жарылыс болып, 10 адам қаза тапты
Ауғанстан астанасында болған жарылыстан 10 адам қаза тауып, тағы 52-сі жарақат алған. Бұл туралы TOLOnews агенттігі хабарлады.
Жарылыс Кабулдағы алаңда болған. Алдын ала болжам бойынша террористер автокөлікпен келе жатқан парламент мүшесін өлтіруді көздеген.
Қатты жарылыс әсерінен сол маңдағы автокөліктер мен үйлер қираған. Әзірге аталған өңірдегі лаңкестік ұйымдардың ешқайсысы бұл жарылысты мойнына алған жоқ.
baq.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қордайда карантин талаптарын сақтамаған екі кафе жабылды
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Жасанды интеллект: Қазақстан 50 озық елдің қатарына енді
- авторМағжан Орынбасар
- 7 қараша, 2024