сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 17:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Коронавирустың жаңа мутациясы әлемнің бірнеше еліне таралды

Коронавирустың жаңа мутациясы әлемнің бірнеше еліне таралды
ашық дереккөзі
Коронавирустың жаңа мутациясы әлемнің бірнеше еліне таралды

Бір күн бұрын ресейлік әйелден коронавирустың ерекше 18 мутациясы анықталғанын жазғанбыз.  Ресейлік вирусологтың айтуынша, оның антигенінде принципиалды маңызды өзгерістер болмайды.

Ресейлік вирусологтар мұндай жағдай елде алғаш рет кездескенімен, алдағы уақытта қауіптенудің қажеті жоқ екенін ескертті. Дегенмен ғалым коронавирустың жаңа нұсқалары бүкіл әлемге таралса, белгілі бір ерекшеліктерге ие болуы мүмкін екенін, ал ол кезде қауіптің күшейетінін де атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбританияда SARS-CoV-2 мутациясы табылғаны белгілі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жаңа түрдің инфекциялық белгілері бар, бірақ өлімнің өсуі туралы әлі ақпарат тіркелмеген.

Оңтүстік Африкада да вирустың мутациялануына қатысты деректер пайда болып жатыр. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі де бұған дейін генетиктердің «501.V2» деп аталатын жаңа коронавирустық мутацияны анықтағанын хабарлады.

Вирустың жаңа мутациясы пайда болғаны туралы ақпарат тек Ұлыбританиямен шектелген жоқ. Осындай мәліметтермен Бразилиялық дәрігерлер де дабыл қағуда.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар