бейсенбі, 4 шілде, 2024 17:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кристофер Ноланның «Оппенгеймері» 7 номинация бойынша жеңімпаз атанды

Кристофер Ноланның «Оппенгеймері» 7 номинация бойынша жеңімпаз атанды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Драма үздік фильм деп танылса, басты рөлді сомдаған Киллиан Мерфи үздік актер атанды

Лос-Анджелесте 96-шы «Оскар» сыйлығының марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«Оппенгеймер» «Үздік фильм» номинациясында, ал оның режиссері Кристофер Нолан «Үздік режиссер» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығын алды.

«Оппенгеймер» фильмінде ойнаған Силиан Мерфи «Үздік актер» ретінде «Оскар» алса, осы фильмдегі жұмысы үшін кіші Роберт Дауни «Екінші пландағы үздік актер» деп танылды. Барлығы «Оппенгеймер» жеті «Оскар» алды.

«Екінші пландағы үздік әйел рөлі» «Оставленные» фильміндегі жұмысы үшін Дэван Джой Рэндольфқа бұйырды. Үздік әйел рөлі үшін «Оскар» жүлдесі Йогос Лантимос түсірген «Бедные-несчастные» фильмінде ойнаған Эмма Стоунға берілді. Бұл фильм сонымен қатар ең жақсы костюмдер, макияж және шаш үлгісі үшін, сондай-ақ продюсердің жұмысы үшін «Оскар» сыйлығын алды.

Үздік толықметражды деректі фильм ретінде режиссер Мстислав Черновтың «Мариупольдегі 20 күн» фильмі танылды.

«Үздік толықметражды анимациялық фильм» номинациясы бойынша сыйлық Хаяо Миядзакидің «Мальчик и птица» фильміне берілді.

Барби фильміндегі «What Was I Made For» әні ең үздік шыққаны үшін «Оскар» Билли Эйлиш пен Финниас О'Коннеллге бұйырды.

Бөлісу:
Диана Орынбасар
Автор

Диана Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар