Луврдағы музей ұрлығы: Оқиғаға негізделген фильм түсірілмек
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қараша, 2025
- 189
Америкалық режиссер Луврда болған ең танымал ұрлық оқиғасы туралы триллерге ұқсас деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz BILD-ке сілтеме жасап.
The Hollywood Reporter газетінің мәліметінше, бұл деректі фильм ұрлыққа қатысты тергеуді және қылмыскерлерді іздестіру барысын нақты уақыт режимінде көрсетеді деп күтіледі. Сондай-ақ ұрланған әшекейлердің қайда кетуі мүмкін екендігі — қара нарықтан бастап Антверпендегі гауһар саудасына дейін — зерттелетін болады.
Жобаға америкалық режиссер Ар Джей Катлер мен француз деректі фильм жасаушысы Лоран Бузеро жетекшілік етеді. Олар қазірдің өзінде тру-крайм жанры мен триллердің қоспасы болатын фильмді түсіріп жатыр. Фильм полиция тергеушілерінің жұмысын көрсетуді мақсат етеді. Авторлардың айтуынша, фильмге оқиға куәгерлері, музей қызметкерлері мен қала тұрғындары да қатысады.






