дүйсенбі, 21 шілде, 2025 11:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Мүмкін, оны Оңтүстік Африкаға қайтарамыз ба?»: Трамп Илон Масктың субсидияларын тексеруді ұсынды

«Мүмкін, оны Оңтүстік Африкаға қайтарамыз ба?»: Трамп Илон Масктың субсидияларын тексеруді ұсынды
Reuters
Ол бұл мәселені үкімет тиімділігі департаментіне (DOGE) тапсыруды ұсынды — бұл құрылымды өзі құрған болатын.

АҚШ президенті Дональд Трамп Илон Масктың компанияларына бөлінетін мемлекеттік субсидияларды қайта қарап, бюджет шығынын қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

«Илон, мүмкін, тарихта ең көп субсидия алған адам шығар. Солар болмаса, ол бизнесін жабуға, зымыран ұшыруды, электромобиль шығаруды тоқтатуға және Оңтүстік Африкаға қайтып кетуге мәжбүр болар еді. Бұл ел бюджетіне орасан зор үнем болар еді», — деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Ол бұл мәселені үкімет тиімділігі департаментіне (DOGE) тапсыруды ұсынды — бұл құрылымды өзі құрған болатын.

Бұл мәлімдеме Маск жаңа салық жеңілдіктері мен мемлекеттік шығындар туралы заңды қатаң сынға алғаннан кейін айтылды. Сарапшылардың бағалауынша, бұл заң АҚШ-тың қарызын шамамен 3 трлн долларға арттырады. Маск заң шығарушыларды екіжүзді деп айыптап, шығындарды қысқартуға уәде бергендерге қарамастан заң үшін дауыс бергендерді биліктен кетіремін деп сес көрсетті.

Трамптың жазбасына Маск өзінің X әлеуметтік желісінде қысқа ғана жауап берді: «Мен анық айттым: бәрін жойыңдар!»

Бұрын Маск Трампты қолдап, оның президенттік сайлауалды науқанына шамамен 300 млн доллар жұмсаған және DOGE құрылымын басқарған. Алайда енді екеуі қарсы жақта тұр. Маусымда басталған олардың жанжалы Tesla акцияларының 150 млрд долларға төмендеуіне әкеліп, компания тарихындағы ең ірі құлдырау болды. Біраз үзілістен кейін Маск заңды қайта сынға алып, оны «ақылсыздық» деп атап, демократтар мен республикашыларды ысырапшылдық үшін кінәлады.

Масктың компаниялары, соның ішінде SpaceX пен Starlink, АҚШ үкіметімен жалпы сомасы шамамен 22 млрд доллар тұратын келісімшарттарға ие.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар