жұма, 18 шілде, 2025 1:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үндістандағы трагедия: жарылыстан 39 адам көз жұмды

Үндістандағы трагедия: жарылыстан 39 адам көз жұмды
Фото: министр Ревант Реддидің X-тегі парақшасынан
Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Полицияның мәліметінше, жарылыс болған сәтте зауытта 140-тан аса адам жұмыс істеп жатқан.

Үндістанның Телангана штатындағы фармацевтикалық зауытта болған жарылыстан қаза тапқандар саны 39-ға жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, жарылыс болған сәтте зауытта 140-тан аса адам жұмыс істеп жатқан. Құтқарушылар үйінділер астынан 39 адамның денесін тапты, олардың 25-і әлі анықталған жоқ. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Жарылыс 30 маусым, дүйсенбі күні Sigachi Industries (SIGC.NS) компаниясының зауытында, Үндістанның оңтүстігінде болған. Фармацевтикалық өнім өндіруші компания зауыт жұмысын 90 күнге тоқтатқанын мәлімдеді. Себеп – құрылғылар мен ғимараттардың зақымдануы. Зауыт толықтай сақтандырылған, компания сақтандыру төлемдерін рәсімдеуді бастап кетті.

Телангана штатының бас министрі Ревант Редди денсаулық сақтау министріне, штаттың бас хатшысына және полиция басшысына барлық ресурсты жұмылдырып, құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, қаза тапқандар мен ауыр жараланғандардың отбасыларына – 1 миллион рупийден (шамамен 6 миллион теңге), жеңіл жараланғандарға – 500 мың рупийден (шамамен 3 миллион теңге) өтемақы төлеуді бұйырды.

Sigachi компаниясы микрокристалды целлюлоза өндіреді. Ол фармацевтика, тағам, косметика және химия өнеркәсібіндегі тұтынушыларға, АҚШ-тан бастап Австралияға дейін өнім жеткізеді. Телангана штатындағы зауыт компанияның жылдық 21,7 миллион тонна өндірістік қуатының төрттен бір бөлігін қамтамасыз етеді.

Сейсенбі күні компания акциялары шамамен 8%-ға төмендеді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар