жұма, 25 шілде, 2025 15:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оралда қарызды үлкен пайызбен заңсыз берумен айналысқан топ тергелуде

Оралда қарызды үлкен пайызбен заңсыз берумен айналысқан топ тергелуде
Фото - ашық дереккөз
Аталған заңсыз микроқаржы ұйымы арқылы 47 мыңнан астам қарыз жоғары пайызбен берілген

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Орал қаласының тұрғындарына лицензиясыз микрокаржылық қызмет көрсеткен тұлғалар тобына қатысты тергеу жүргізудедеп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бес жыл бойы күдіктілер «Жылдам ақша» деген атаумен кеңінен тараған филиалдар желісі арқылы азаматтармен жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын микроқаржы келісімшарттарын жасаған.

Несиенің пайыздары бөлек шарт арқылы «кеңес беру қызметі» ретінде көрсетілген. Бұл қызметтер күдіктінің туысына тіркелген, олармен байланысы бар ЖШС арқылы рәсімделіп отырған.

-  Қарыз алушылар күн сайын 1,5% төлеуге мәжбүр болған, бұл заңмен белгіленген шекті мөлшерлемеден 0,3% яғни  бес есеге артық. Аталған заңсыз микроқаржы ұйымы арқылы 47 мыңнан астам қарыз жоғары пайызбен берілген. Алдын ала мәлімет бойынша, заңсыз алынған табыс көлемі 917 млн теңгені құрайды. Соттың санкциясымен күдіктілердің мүлкіне – өндірістік коммерциялық нысан мен бір пәтерге тыйым салынды, - делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар