Нетаньяху Трамптың Газаға арналған бейбіт жоспарын қолдады
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қыркүйек, 2025
- 359
АҚШ президенті Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуымен бірге «Таяу Шығыста бейбітшілік орнату үшін тығыз жұмыс істеп жатқанын» айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Бұл, бәлкім, адамзат өркениеті тарихындағы ең ұлы күндердің бірі болмақ», – деді ол Нетаньяхумен бірлескен баспасөз мәслихатында.
Ақ үй 20 тармақтан тұратын жоспарды таныстырды:
Израиль құжатты қабылдағаннан кейін 72 сағат ішінде ХАМАС барлық израильдік тұтқынды босатады. Израиль жүздеген тұтқынды босатып, әскерін біртіндеп әкетеді.
Газа демилитаризацияланған аймаққа айналады. ХАМАС басқаруға қатыспайды, мүшелері амнистия алады немесе елден кетеді.
Аймаққа халықаралық күштер енгізіліп, гуманитарлық көмек жеткізіледі.
Арнайы экономикалық аймақ құрылады. Өтпелі кезеңде секторды технократиялық комитет басқарады, кейін реформалар жүргізіледі.
Жоспар қабылданса, соғыс бірден тоқтайды.
Нетаньяху құжатты қолдап: «ХАМАС бас тартса, Израиль өзі аяқтайды», – деді.






