сейсенбі, 24 маусым, 2025 16:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оңтүстік Африкада төтенше жағдай: Қалың қар мен су тасқынынан 49 адам қаза тапты

Оңтүстік Африкада төтенше жағдай: Қалың қар мен су тасқынынан 49 адам қаза тапты
Фото: Nic Bothma
Қаза тапқандардың арасында төрт бала, автобус жүргізушісі мен кондуктор бар.

BBC-дің мәліметінше, Оңтүстік Африка Республикасында жауған қалың қар мен соның салдарынан болған су тасқыны кем дегенде 49 адамның өмірін жалмаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Қайтыс болғандар саны сағат санап артып келеді. Жағдай өте ауыр», – деді Шығыс Кейп провинциясының премьер-министрі Оскар Мабуяне.

Қаза тапқандардың арасында төрт бала, автобус жүргізушісі мен кондуктор бар. Автобусты су ағызып әкеткен. Оқиға Мтата қаласындағы көпірден өту кезінде болған. Көлікте барлығы 13 адам болған, оның 11-і – оқушылар. Қалған адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Шығыс Кейп провинциясындағы үш ауданда 58 мектепке зақым келген. Ал көршілес Квазулу-Натал провинциясында 68 мектеп зардап шеккен.

Күшті қар, жауын-шашын мен дауылды жел салдарынан жарты миллионға жуық үй жарықсыз қалды. Жүздеген көлік жолда тұрып қалған.

Ел президенті Сирил Рамафоса қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, тұрғындарды «қауіпсіздікке, сабыр мен бірлікке» шақырды. Өйткені ел бойынша қысқы ауа райының ең ауыр салдары сезіліп жатыр.

Айта кетейік, Оңтүстік Африкада қар өте сирек жауады. Қыс маусымы маусымнан тамызға дейін созылады. Шыңына шілде, кейде тамыздың басында жетеді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар