Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың қозғалтқыштарынан құстардың іздері табылды
- авторjambylinfo.kz
- 17 қаңтар, 2025
- 46
Оңтүстік Кореяда Jeju Air компаниясының апатқа ұшыраған Boeing 737-800 ұшағының екі қозғалтқышынан құс қауырсындары мен қаны табылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Диспетчерлер экипажды құстардың белсенділігі туралы алдын ала ескерткен. Алайда апаттан бірнеше минут бұрын ұшақтың "қара жәшіктері" жазбаны тоқтатыпты. Сарапшылар резервтік қорек көзінің өшуі мүмкін деген болжам айтуда, бұл сирек кездесетін жағдай.
Құстардың бірден екі қозғалтқышты зақымдауы сирек құбылыс болғанымен, мұндай жағдайлардан кейін сәтті қонулар тарихта кездескен. Мысалы, 2009 жылы АҚШ-тағы "Гудзондағы ғажайып".
29 желтоқсандағы апат кезінде ұшақ Бангкоктан Муана әуежайына бет алған. Ұшқыш шассиді шығара алмай, қарынмен қондырған. Нәтижесінде ұшақ жолақтан шығып, бетон қабырғаға соғылып, өртеніп кетті. Борттағы 181 адамның ішінде тек екі экипаж мүшесі аман қалды.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Қазақстанда АИ-95 маркалы бензиннің бағасы өсті
Ұқсас жаңалықтар
Президенттің атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 31 желтоқсан, 2024