Пандемия посткеңестік кеңстіктегі еңбек миграциясына қалай әсер етті?
- авторjambylinfo.kz
- 15 желтоқсан, 2020
- 302
Пандемия кезінде еңбек мигранттары бәрінен көп зардап шекті, пандемиядағы ең осал топ еңбек мигранттары болды. Мұны зерттеушілер мен халықаралық ұйымдар мойындады. Дегенмен, жағдайдың пайдалы жағы да бар.
Еңбек мигранттары посткеңестік кеңістіктегі қауіпті факторға айналды. Олардың көпшілігінде карантинді сақтауға қажетті ресурс жоқ. Сонымен қатар, шекарада нағыз «көші-қон дағдарысы» басталды: көпшілігі үйлеріне орала алмауда.
Біріншіден, «мигранттар посткеңестік кеңістікте маңыздылығын көрсеткен қауымдастыққа айналды. Оларға мемлекет те, қоғам да көп көңіл бөле бастады. Әрине, олар аурудың өсуі тұрғысынан үлкен қауіп факторы ретінде қарастырылады.
Қазақстан үшін бұл өте маңызды, өйткені пандемия жағдайында біз еңбекші мигранттардың, әсіресе құрылыс мамандықтарының жұмыс күшінің жетіспеушілігіне тап болдық. Елдің оңтүстік өңірлері тығыз қоныстанған және жұмыссыздық деңгейі жоғары болғанымен, жергілікті кәсіби кадр жеткіліксіз. Олардың жалақыға сұранысы жоғары немесе жұмыс сапасы төмен болуы мүмкін. Шекаралар жабылды, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй қорын салу проблемасы шекаралас аймақтардан келген еңбек мигранттардың жетіспеушілігімен байланысты. Менің ойымша, бұл қажетті тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуді ілгерілеуде маңызды дәлел бола алады.
Сонымен қатар, нағыз «көші-қон дағдарысы» басталды. Шекарада жиналған қаншама адам үйіне орала алмауда. Нәтижесінде шекара «кәсіпкерліктің жаңа түріне» айналды. Бір қызығы, транзиттік дәліз ашылған кезде адамдар жеке көлікпен өте алады деген мәселе төңірегінде құзырлы қызметтер өзара келісімге келген еді. Қазақстан билігі әрбір автокөліктің жол жүру құнын 1500 доллар көлемінде ұсынды.
«Мұндай төлем не үшін қажет?» деген сұрақ туындайды. Адамдарға онсыз да қиын, ақшасы таусылған жағдайда, транзитті ең аз шығынмен ұйымдастыруға болмас па еді?
Өзбекстан әр көлікке өз аумағы арқылы 40 долларға өтуге рұқсат берді. Мұндай сәттерде адамдар арасындағы ынтымақтастық көрінуі керек, ал билік құрылымдары көмекке келгені жөн. Маусымдық жұмыстарға тек Өзбекстаннан миллионға жуық адам келетін еді. Қазақстанда қазір шетелдік жұмыс күшіне квота қолданылады. 2019 жылы шамамен 49 мың адам, 2020 жылы — 23 мың адам. Қазақстандағы еңбек мигранттарының саны бойынша Өзбекстан Қытай мен Түркиядан кейін үшінші орында. Бірақ бұл тұрақты негізде жұмыс істейтін азаматтар. Ал Өзбекстан елшілігінің есебі бойынша маусымдық жұмыстарға жыл сайын Қазақстанға 800 мыңға жуық адам келді.
Әкімжан Арупов,
әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Сабын ішіндегі «сәлемдеме»
Ұқсас жаңалықтар
Жасанды интеллект: Қазақстан 50 озық елдің қатарына енді
- авторМағжан Орынбасар
- 7 қараша, 2024