жұма, 5 шілде, 2024 1:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ

Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ
ашық дереккөзі
Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры мен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры Елбасының «Ел Yмiтi» бастамасын жүзеге асыру аясында «Myń Bala» Ұлттық олимпиадасын ұйымдастырған болатын. «Myń Bala» ұлттық олимпиадасының қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен біздің ауданның 9 оқушысы дарынды балаларға арналған мектептерге оқуға түсті.

«Myń Bala» ауыл оқушыларына арналған ұлттық олимпиада 295 мың оқушыны қамтыған. Алғашқы кезеңде биылғы оқу жылының І және ІІ тоқсандарындағы «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндері үлгерімінің нәтижесі бойынша 5000 оқушы іріктелген. Бірінші кезеңнен сәтті өткен үміткерлер олимпиада қатысушысы сертификатына ие болып, екінші кезеңге жолдама алған. Екінші кезеңде функционалдық сауаттылық пен абстаркты-логикалық ойлауды бағалайтын компьютерлік тестілеу нәтижесі бойынша 1000 бала іріктеліпті. Нәтижесінде, Жамбыл облысынан 6,7 - сынып бойынша 91 оқушы жеңіс тұғырынан көрінсе, солардың 26-сы біздің аудан мектептерінің оқушылары.

Осыған орай, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, аудан әкімі Нұржан Нұржігітовпен «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында аудан басшысы қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы Ыбырай Алтынсариннің «Бай боламын десең кәсіп керек. Кәсіпкер болу үшін міндетті түрде білім керек», - деген сөзін мысалға ала отырып, жеңімпаз оқушыларға деген шынайы тілегін жеткізді.

«Myń Bala» ауыл оқушыларына арналған ұлттық олимпиада жеңімпаздарына берілген Диплом және бағалы сыйлықтарды (ноутбук) аудан әкімі Нұржан Нұржігітов пен аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Нұржан Нұралиев салтанатты түрде табыс етті. Кездесу соңында жеңімпаздар мен мектеп директорлары естелікке суретке түсті.

Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар қатарында Аманберді Нұрбану мен Рейфжанова Ақниет Алматы қаласындағы республикалық физика-математикалық мектепке,  Мұқан Жанарыс, Мақұлбек Дайана, Қабылова Назерке Тараз қаласындағы «Білім-инновация» лицейіне, Әуесбек Іңкәр, Дербіс Ақмерей, Бүркітбай Еркеназ және Жуаныш Мөлдір Тараз қаласындағы «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатына» оқуға қабылданды.

Біз де білімі және алғырлығымен көзге түсіп, жеңімпаз атанған оқушыларымызды жеңістерімен құттықтап, «Дарын» мектебінің дарынды оқушылары болады деп сенім артамыз.

 

Мұхтар МАНЕКЕЕВ

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар