Әлемде
Путин Украинаға келіссөздерді Стамбулда қайта бастауға ұсыныс жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 11 мамыр, 2025
- 342

Ресей президенті Владимир Путин Украинаға алдын ала шарттарсыз тікелей келіссөздерді қайта бастауға ұсыныс білдірді.
Ол бұл келіссөздерді 15 мамыр күні Стамбулда өткізуді ұсынды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com агенттігіне сілтеме жасап.
Түнгі уақытта журналистер алдында сөйлеген сөзінде Путин Украина тарапын өзі біржақты жариялаған «оқ атпау режимін» бұзды деп айыптап, 9 мамырдағы парадқа келген шет мемлекет басшыларын қорқытпақ болды деп мәлімдеді.
Ол келіссөздер барысында оқ атуды тоқтату туралы келісімге келу мүмкін екенін де жоққа шығармады. Сонымен қатар Путин 12 мамыр, дүйсенбі күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесетінін, сол әңгіме кезінде Стамбулда Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздерді өткізуге көмектесуін сұрайтынын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Түркияда жаңа Конституция әзірлеу бастамасы қайта көтерілді
- авторБақытжан Бекболат
- 21 мамыр, 2025
Әлемде
Индонезияда жанартау атқылады, күл бағаны 5,5 км-ге жетті
- авторБақытжан Бекболат
- 20 мамыр, 2025