Әлемде
Ресейлік ғалымдар коронавирусты емдеу әдісін ойлап тапты
- авторjambylinfo.kz
- 11 қыркүйек, 2020
- 197
Ресейлік ғалымдар коронавирусты емдеу әдісін ойлап тапты
Енді қауіпті дерттің шырмауында қалып, тынысы тарылып жатқан азаматтар жасанды дем беретін аппараттың көмегінсіз-ақ айығып шығуға мүмкіндік туды. Зерттеулер нәтижелеріне сәйкес, коронавируспен ауыратын елу науқастың біреуі ғана гелий-оттегі қоспасымен дем алғаннан кейін жасанды желдетуді қажет етті. Бұл туралы Ресейдің иммунологтар ғылыми қоғамының президенті, Ресей ғылым академиясы Орал филиалының иммунология және физиология институтының ғылыми директоры Валерий Черешневпен кездесу кезінде мәлімдеді.
Пневмонияның асқынып, тыныс алу беті күрт төмендегенде, 90-95 градусқа дейін қыздырылған гелий-оттегі қоспасының әсері жасанды желдетуден едәуір асып түседі. Осы жүйе Комидегі республикалық аурухананың базасында 50 адамға сынақ ретінде қолданылыпты. Нәтижесінде, 50-дің ішінен тек 1 адамды ғана жасанды тыныс беретін аппаратқа қайта қосқан. Сөйтіп Сыктывкардағы республикалық ауруханада ұстау тәжірибесі оң нәтиже берді.
Дәрігерлердің айтуынша микробиологтер бастапқыда осындай ингаляция кезінде қолданылған қондырғыларды жетілдіріп, дем шығаратын ауаның бөлек жүйелерін жасауға шешім қабылдады. Қазір оны жаппай өндіріске жіберу жағы қарастырылып жатыр.
egemen.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жат ағымнан сақтан, замандас!
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Әлемде
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024