Салмағы 300 келі тартатын ер адамды арнайы топ үйінен шығарып, ауруханаға жеткізді
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 16:37
- 49
Салмағы шамамен 300 келі тартатын, «піл ауруына» шалдыққан азаматты арнайы топ үйінен шығарып, ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
GZT медия порталының дерегінше, аталған кеселдің салдарынан 48 жастағы Энгин Акбадалдың салмағы шамамен 300 келіге дейін жеткен. Арнайы топ оны үйінен шығарып, ем қабылдау үшін ауруханаға апарды.
Акбадалды көшіру үшін облыстық Денсаулық сақтау басқармасы арнайы жедел жәрдем көлігі мен мамандар тобын ұйымдастырған. Ол Кайсеридің Сарыоайслан ауданында тұрады.
Оны сыртқа алып шығу үшін тұрған үйінің кіреберіс және бөлме есіктері жуырда кеңейтілген.
Арнайы киімдегі қызметкерлер мен туыстары бірігіп, Акбадалды шамамен 30 метр жердегі жедел жәрдем көлігіне жеткізді.
Ол Анкара қаласындағы Этлик қалалық ауруханасына жіберілді. Туыстары дұға жасап, шығарып салды.
Бұған дейін не болған еді?
Трансплантация алдында мәлімдеме жасаған Акбадал ауруының қалай басталып, қалай өрбігенін былай деп баяндады:
«12 жыл бұрын осы дертке шалдықтым. Ауру біртіндеп асқына берді. Алдымен жұмыстан кетуге тура келді, кейін жүре алмай қалдым. Ақыры төсекке таңылдық».
Акбадалдың арманы көп
Бұған дейін бірнеше рет ауруханаға қаралғанымен, нақты ем таба алмағанын айтқан Акбадал медицина дамуына үміт артады. Ол Кайсери өңірінен сайланған депутат Баки Эрсойдың қолдауымен сауығып кететініне сенеді.
Алдағы ем-домның оңай болмайтынын түсінетінін айтқан ол:
«Толқып тұрмын, бірақ үмітім зор. Арманым көп. Жұбайыммен, балаларыммен бірге бара алмай қалған жерлерді аралап, саяхаттағым келеді. Сауығып кетемін деп сенемін», – деді.






