Әлемде
Сирия оппозициясы: Ресей ұшақтары Идлибке әуеден ірі соққы жасады
- авторjambylinfo.kz
- 21 қыркүйек, 2020
- 262
Сирия оппозициясы: Ресей ұшақтары Идлибке әуеден ірі соққы жасады
Сирия оппозициясындағы ақпарат көзіне сүйенген Reuters агенттігі жексенбі күні ресейлік әскери ұшақтардың Сирияның солтүстік-батысындағы аудандарға әуеден соққы жасағанын хабарлады. Бұл аумақта Сирия басшысы Башар Асадтың қарсыластары шоғырланған.
Наурыз айының басында Ресей мен Түркия келісімге келіп, Идлиб провинциясында қақтығыс тоқтаған еді. Бұл соңғы жарты жыл ішінде жасалған ең ірі соққы болып отыр.
Куәгерлердің айтуынша, әскери ұшақтар Идлиб қаласының батыс жағындағы шет аудандарға соққы берген. Бұған қоса, қаланың оңтүстігіндегі таулы аудандарға жақын жердегі сирия әскерінің бекетінен артиллериядан үздіксіз оқ атылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Қарулы оппозиция өкілдері агенттікке соңғы тәулікте 30 шабуыл болғанын айтады. Ресей де, Сирия үкімет күштері де түсініктеме бермеді.
Сириядағы қақтығыста түрлі тараптарды қолдайтын Ресей мен Түркия басшылары наурыз айында Мәскеу мен Анкара Идлибте атыстың тоқтауына кепілдік береді деп келіскеннен бері бұл провинцияда ірі шабуылдар болмаған еді.
Оппозиция өкілдерінің айтуынша, Сирия әскері және оны қолдайтын еріктілер майдан шебінде күш жинап жатыр.
azattyq
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Әлемде
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024