жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тайвань АҚШ-пен бірлесіп жасаған алғашқы зымыранның прототипін таныстырды

Тайвань АҚШ-пен бірлесіп жасаған алғашқы зымыранның прототипін таныстырды
Taipei Times
Тайвань американдық қару-жарақ өндірушісі Anduril Industries компаниясымен бірлесіп әзірлеген зымыранның прототипін таныстырды.

Зымырандарды аралда өндіру жоспарланып отыр, ол Қытай тарапынан келуі мүмкін әскери қауіп-қатерді тежеп, қарсы тұру мақсатында жасалып отыр. Бұл туралы CNN арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Зымыранды олар Тайваньда өтіп жатқан авиация және әскери технологиялар көрмесінде көрсетті.

Тайваньдағы ең ірі қару-жарақ өндіруші мемлекеттік Чжуншань ғылыми-техникалық институты (NCSIST) жаңа қаруды «арзан әрі автономды зымыран» деп сипаттады.

Barracuda-500 зымыраны негізінде жасалған бұл зымыранды теңізде де, құрлықта да қолдануға болады. Оның ұшу қашықтығы туралы ақпарат жарияланбаған.

NCSIST президенті Ли Шицзян журналистерге берген сұхбатында Тайвань зымыран өндірісін келесі бір жарым жыл ішінде жолға қоюды жоспарлап отырғанын, бір зымыранның құны шамамен 216 000 доллар болатынын айтты.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар