Трамп Гарвардтан шетелдік студенттер туралы мәлімет талап етті
- авторБақытжан Бекболат
- 26 мамыр, 2025
- 275

Truth Social желісінде ол Гарвард студенттерінің 31 пайызы – өзге елдердің азаматтары екенін жазды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Бұл елдер өз студенттерінің оқуына ештеңе төлемейді, әрі болашақта да төлемек емес. Бізге бұны ешкім айтқан жоқ! Біз бұл шетелдік студенттердің кім екенін білгіміз келеді. Бұл орынды талап, өйткені біз Гарвардқа миллиардтаған доллар береміз, бірақ университет ашық болуға аса құлықты емес. Бізге олардың аты-жөні мен қай елден екенін айтуы керек», – деді Ақ үй басшысы.
Трамптың айтуынша, университеттің 52 миллион доллары бар, бұл қаражатты олар федералды үкіметтен көмек сұрамай-ақ пайдалана алады.
22 мамырда АҚШ әкімшілігі Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды. Оқу орнында оқып жүрген шетелдік азаматтар егер елде заңды мәртебесін жоғалтқысы келмесе, басқа университетке ауысуы тиіс екені хабарланды. Алайда келесі күні сот бұл шектеуді уақытша тоқтатты.
Каспий жағалауынан тағы да өлі итбалықтар табылды
Ұқсас жаңалықтар
Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль Иранға соққы берді
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 09:15