сенбі, 14 маусым, 2025 3:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Каспий жағалауынан тағы да өлі итбалықтар табылды

Каспий жағалауынан тағы да өлі итбалықтар табылды
Фото: Маңғыстау балық шаруашылығы инспекциясы
Бұл туралы Балық шаруашылығы комитеті мәлімдеді

Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласының маңындағы Каспий теңізі жағалауынан екі күннің ішінде 117 өлі итбалықтың денесі табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мамандар 20–21 мамыр күндері жағалауды шолу кезінде қатты шіріген жануарлардың өлекселерін кездестірген. Комитеттің мәліметінше, бұл итбалықтар 2024 жылдың қараша–желтоқсан айларында өлген. Ауыр ыдырау процесіне байланысты сынама алу мүмкін болмаған. Өлекселер жиналып, арнайы полигонға жеткізіліп, жойылған.

«Жағалау аймағына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда. 2024 жылдың қарашасынан бері қаза тапқан итбалықтардың жалпы саны 2194-ке жетті», – делінген ресми хабарламада.

1 мамыр күні жағалаудан 88 өлі итбалық табылған болатын. Ал 9 мамырда Түпқараған ауданының тұрғындары тағы ондаған өлі итбалық пен құсты байқап, дабыл қаққан.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар