бейсенбі, 19 маусым, 2025 9:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кенесары хан ескерткіші Астанада өз орнына қайта орнатылды

Кенесары хан ескерткіші Астанада өз орнына қайта орнатылды
Фото: Видеодан алынған кадр
Астанада Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін өз орнына қайта орнатылды

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Instagram парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

– Өткен жылы Астанада Есілдің жағасында тұрған Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарына байланысты алып тастаған кезде, әлеуметтік желіде біраз әңгіме болған. Қайта-қайта түсініктеме бергеніме қарамастан, кейбір азаматтар расталмаған ақпарат таратқан болатын. "Кенесары хан ескерткіші мүлдем алынып тасталды, енді орнына қойылмайды" деген секілді. Шын мәнінде, ескерткішке жөндеу жұмыстары қажет болды. Сондықтан орнынан алынды. Енді қайта қойылғанда, бұрынғыдан биіктеу орнатылды. Міне, бүгін жөндеу жұмыстары аяқталып, ескерткіш орнына қойылды, – деді Ерлан Тынымбайұлы.

Айта кетейік, ескерткіштің уақытша алынып тасталуы қоғамда қызу пікірталас тудырған болатын.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар