сәрсенбі, 15 сәуір, 2026 17:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Концерт билеттерін сатып аларда абай болыңыз

Концерт билеттерін сатып аларда абай болыңыз
istockphoto.com
Қазіргі таңда интернетте билеттерді сату немесе қайта сату бойынша күмәнді хабарландырулар жиі кездесуде. Әсіресе делдалдар арқылы ұсынылатын қызметтер қауіп төндіруі мүмкін.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билет сатып алу кезінде мұқият болуға шақырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Интернетте билеттерді сату немесе алып-сату бойынша күмәнді ұсыныстар кездесуі мүмкін. 

- Ішкі істер министрлігі концерт билеттерін сату кезінде кездесуі мүмкін алаяқтық туралы ескертеді.

Интернет желісінде концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билеттерді сатып алу немесе алып-сату бойынша жалған хабарландырулар, сондай-ақ делдалдардан ұсыныстар кездесіп жатады.

Алаяқтар билеттерді сатып алуда көмек ұсынады немесе оларды қымбат бағаға сатады. Одан бөлек, жалған билеттер таратуы да мүмкін. Оларға сенген адамдар ақша аударып, соңында билетсіз қалуы ықтимал.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырады және кез келген іс-шараға билеттерді тек ресми әрі тексерілген жерлерден сатып алуды ұсынады. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаған абзал, - деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар