бейсенбі, 19 маусым, 2025 2:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қытайда гуманоид роботтар алғаш рет бокс рингіне шықты

Қытайда гуманоид роботтар алғаш рет бокс рингіне шықты
Видеодан скрин жасалды
Ерекше жарыс Қытайдың орталық телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Шэньчжэнь қаласында Unitree Robotics компаниясының ұйымдастыруымен «Iron Fist King: Awakening!» атты гуманоид роботтар арасындағы алғашқы бокс турнирі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жарысқа қатысқан роботтар толықтай автономды жұмыс істемей, адамдардың арнайы басқару құрылғылары арқылы қимылдады. Яғни, рингке шыққан роботтардың әрқайсысының артында оны нақты уақытта басқарған оператор болды. Бұл – адамның реакциясы мен технологияның қуатын қатар сынайтын жаңа форматтағы бәсеке.

Сонымен қатар, роботтардың физикалық мүмкіндіктерін сынап көруге, қозғалыс дәлдігі мен тепе-теңдікті сақтау жүйелерін жетілдіруге мүмкіндік туады.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар