Қазіргі таңда Трамптың TikTok парақшасына 15,4 миллион адам жазылған
АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok желісіне былтырғы қарашадан бері алғаш рет видео жариялап, өзін платформаны аман алып қалған адам ретінде көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«TikTok қолданатын барлық жастарға айтарым – мен бұл платформаны сақтап қалдым. Сол үшін маған қарыздарсыңдар. Қазір мен Ақ үйдегі Доғал кабинетте отырмын. Бір күні сендердің біреуің дәл осы үстелде отыратын боласыңдар. Өз ісіңді жақсы істесең, бәрі мүмкін», – деді Трамп видеода.
Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп TikTok-ты америкалық инвесторларға сату туралы келісім бойынша жарлыққа қол қойған еді.






