жұма, 27 желтоқсан, 2024 10:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды

Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды
ашық дереккөзі
Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды

Эстонияның Еуропарламент депутаты Яак Мадисон АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына ұсынды. Саясаткер Трамптың кандидатурасын соңғы 30 жылда ел басқару қызметі кезінде соғыс бастамаған АҚШ-тың тұңғыш президенті екеніне байланысты ұсынғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Сонымен қатар, оның басшылығымен Таяу Шығыста тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге көмектесетін бірқатар бейбіт келісімдерге қол қойылды. Нобель сыйлығын кім алатынын көрейік", - деп жазды Эстонияның консервативті халықтық партиясының өкілі өзінің Facebook-парақшасында.

Мадисон Трампты Нобель сыйлығына ұсынған жалғыз адам емес.

"Трамптың үміткерлігін неғұрлым көп адам ұсынса, жетістікке жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады", - деді Мадисон.

Айта кетейік, 2020 жылдың қыркүйегінде Норвегия парламентінің өкілі Кристиан Тибринг-Гедде Нобель комитетіне Трампты бейбітшілік сыйлығына ұсыну туралы ресми өтініш жіберді. Ол өз хатында Трамп әкімшілігі Израиль мен БАӘ арасындағы қарым-қатынасты орнатуда маңызды рөл атқарғанын айтты.

Нобель сыйлығы Осло қаласында 1901 жылдан бастап жыл сайын беріледі. Нобель қорының жарғысына сәйкес кандидаттарды әр түрлі елдердің ұлттық парламенті, үкіметі мен халықаралық сот мүшелері, университет ректорлары, Норвегиялық Нобель комитетінің қазіргі және бұрынғы мүшелері мен кеңесшілері ұсына алады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар