жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамп пен Си Цзиньпиннің кездесуі өтетін орын анықталды

Трамп пен Си Цзиньпиннің кездесуі өтетін орын анықталды
Russian.News.Cn
Бұл туралы Трамп Ақ үйде Канада премьер-министрі Марк Карнимен кездесу кезінде мәлімдеді.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин алдағы апталарда Оңтүстік Кореяда жүздеседі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, екі ел басшылары арасындағы қарым-қатынас жақсы деңгейде және кездесуде АҚШ пен Қытай арасындағы бұрынғы келісімді қайта қарау мәселесі талқыланады.

Трамп Truth Social платформасында 1 қазанда жазба жариялап, кездесудің төрт аптадан кейін өтетінін атап өтті. Келіссөздің басты тақырыбы — Қытайдың америкалық ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде миллиардтаған долларлық соя бұршағын сатып алу міндеттемесін орындау.

Трамптың пікірінше, Байден әкімшілігі бұл келісімді толық жүзеге асыра алмады. Сондықтан алдағы кездесуде АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастары мен келісімнің болашағы негізгі назарда болмақ.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар