жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Зеленский: Егер Путин Қазақстанда кездескісі келсе – біз дайынбыз

Зеленский: Егер Путин Қазақстанда кездескісі келсе – біз дайынбыз
Фото: Telegram/Zelenskiy/Official
Қыркүйек айында Путин Зеленскийге Мәскеуде кездесу өткізуді ұсынған, алайда Украина президенті бұл нұсқаны бірден "реалистік емес" деп қабылдамаған болатын.

АҚШ-қа сапары барысында Украина президенті Владимир Зеленский Fox News арнасына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путинмен, соның ішінде Қазақстанда да кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Журналисттің бейтарап аумақта келіссөздер өту мүмкіндігі туралы сұрағына жауап бергенде, Зеленский бірнеше елдің атын атап өтті.

"Трамптың командасы да, менің командам да, еуропалықтар, оның ішінде Макрон және өзге де көшбасшылар, Түркия президенті – бәріміз, біздің командалар Түркияны, Сауд Арабиясын, Катарды, Еуропадағы бейтарап елдерді – Австрия мен Швейцарияны ұсындық. Біз айтамыз: тіпті егер сіз Қазақстанды қаласаңыз да – біз дайынбыз. Бар болғаны осы", – деді Зеленский.

Ол Украина тарапынан келіссөздерге халықаралық серіктестер қатысқан жағдайда ғана ашық болатынын атап өтті.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар