бейсенбі, 19 маусым, 2025 23:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жарықсыз өткен кино мерекесі: Каннның биылғы үздіктері анықталды

Жарықсыз өткен кино мерекесі: Каннның биылғы үздіктері анықталды
Фото: Jean_Louis_Hupe/FDC
78-ші Канн кинофестивалінің жабылу рәсімі басталардан бірнеше сағат бұрын қалада жарық өшіп қалды. Бұл күтпеген оқиға диверсия деп болжануда.

Соған қарамастан, марапаттау кеші жоспарланғандай сәтті өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW агенттігіне сілтеме жасап.

Биылғы басты жүлде — «Алтын пальма бұтағы» ирандық режиссер Джафар Панахидің «Қарапайым кездейсоқтық» атты триллеріне бұйырды. Фильмде бұрынғы саяси тұтқындар жайлы баяндалады. Олар бір кездері өздеріне істеген қиянат үшін кек қайтаруға мүмкіндік алады. Айта кетейік, Панахи 2023 жылға дейін Иран билігін сынағаны үшін өзі де түрмеде отырған.

Фестивальдің екінші мәртебелі жүлдесі — Гран-при — дат режиссері Йоаким Триердің «Сезімнің құны» атты отбасылық драмасына берілді. Қазылар алқасының арнайы жүлдесін француз Оливье Лашенің «Сират» және неміс режиссері Маша Шилинскидің «Құлау үні» атты фильмдері бөлісті. Үздік режиссура жүлдесін бразилиялық Клебер Мендонса Фильо «Жасырын агент» фильмі үшін алды.

Қазылар алқасының арнайы сыйлығы қытайлық режиссер Би Ганьның «Тірілу» фильміне табысталды. Үздік ер адам рөлі үшін марапат бразилиялық актер Вагнер Моураға («Жасырын агент»), ал үздік әйел рөлі — Надя Меллитиға («Кенже әпке») берілді. Ең үздік сценарий жүлдесін француз-бельгиялық «Жас аналар» фильмі үшін Жан-Пьер Дарденн мен Люк Дарденн жеңіп алды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар