сейсенбі, 17 маусым, 2025 7:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауа райы: 25 мамыр күні күн күрт суытып, үсік жүруі мүмкін

Ауа райы: 25 мамыр күні күн күрт суытып, үсік жүруі мүмкін
Pixabay.com
Синоптиктердің хабарлауынша, 25 мамырда Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнгі уақытта 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.

25 мамырда синоптиктер елдің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ұлытау облысында тұман түсіп, жел күшейеді (солтүстігінде екпіні 16 м/с дейін). Оңтүстік, шығыс және орталық аймақтарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысы мен Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында таулы аймақтарда найзағай күтіледі. Жел күші тау асуларында 20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың солтүстігі, шөлді және тау бөктерлері — төтенше, оңтүстігі — жоғары өрт қаупі бар аймақтар.

Шымкентте де төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында кей жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Таңғы уақыттарда тұман түсіп, жел күшейеді (батыста 16 м/с).

Алматы облысында найзағай күтіледі, жел екпіні 20 м/с-қа дейін. 25-27 мамыр аралығында орталықта жоғары, батыс және солтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында найзағай, бұршақ және дауыл болады. Кей өңірлерде шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні 20 м/с дейін жетеді. Солтүстік пен оңтүстікте — жоғары, батыс пен шығыста — төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысында жел бағытын өзгертіп, екпіні 18 м/с дейін барады. Оңтүстік-шығысында төтенше, басқа аймақтарда жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысында батыс, солтүстік және шығыста жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында найзағай болады, жел күшейеді (20 м/с). Түнде батыс пен солтүстікте топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Шығыс Қазақстанда найзағай, бұршақ, тұман болады. Жел екпіні 20 м/с дейін. Оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысында найзағай, тұман және желдің күшеюі (20 м/с дейін) болжануда. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында таулы аудандарда найзағай ойнайды, шығысында жел күшейеді. Өрт қаупі – шығыс пен орталықта жоғары, шығыстың кей бөліктерінде – төтенше деңгейде.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстанда найзағай, тұман және желдің күшеюі күтіледі. Жел екпіні 20 м/с дейін жетеді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар