бейсенбі, 19 маусым, 2025 13:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді
ЖИ
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезінді. 

«2025 жылғы 25 мамыр күні Астана уақытымен 07:35-те ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді», – делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің эпицентрі Ресей аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1162 шақырым жерде орналасқан.

Болжамды жер сілкінісінің күші:

Өскемен қаласында – 2 балл;

Катонқарағай ауылында – 2 балл.

Айта кетейік, зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ.

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар