Жер сілкінісінен кейін Түркияда мектептер уақытша жабылды
- авторБақытжан Бекболат
- 28 қазан, 2025
- 267
Hurriyet басылымының хабарлауынша, Түркияның Балыкесир провинциясына қарасты Сындыргы ауданында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дүмпулер Мармара мен Эгей өңірлерінде, сондай-ақ Ыстамбұл мен Измир қалаларында да сезілген. Одан кейін бірнеше әлсіз кейінгі толқындар (афтершоктар) байқалды.
Елдің ішкі істер министрі Али Йерликаяның айтуынша, жер сілкінісі салдарынан екі бос ғимарат қираған. Бірқатар адамдар жарақат алды — олар дүмпу кезінде қорыққаннан балконнан секіріп кеткен.
Оқиғаға байланысты 28 қазан күні Балыкесир провинциясындағы барлық мектептер уақытша жабылады, ал жүкті әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметкерлерге демалыс беріледі.
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған зардап шеккен тұрғындарға қолдау білдіріп, төтенше жағдай қызметтері оқиға орнында жағдайды бақылап отырғанын мәлімдеді.






