сенбі, 23 қараша, 2024 1:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің қосымша еңбек ақысы туралы айтып берді

Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің қосымша еңбек ақысы туралы айтып берді
ашық дереккөзі
Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің қосымша еңбек ақысы туралы айтып берді
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысының жолдауына қатысты Facebook желісінде пікір білдіріп, отандық білім және ғылым мәселелеріне ерекше назар аударылатынын айтты.
"Президенттің тапсырмасымен үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеп, қашықтан оқыту платформасы және 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді балабақшамен 100% қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргіземіз. Бұл ретте, алдағы уақытта мемлекеттік тапсырысты балабақшаларға қазіргі қолданыстағы жүйедегідей білім бөлімдері немесе басқармалары бөлмейді", - деп жазды ол. Мектепке дейінгі білім беру ұйымына жолдама алған балалардың ата-аналары кез келген балабақшаны таңдайтын болады. Министрдің айтуынша, мұндай бәсекелестіктің арқасында көрсетілетін қызметтердің сапасы да артуы тиіс. "Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Президенттің тапсырмасымен педагогтердің сынып жетекшілігі және дәптерлерді тексергені үшін қосымша ақысы екі есе өседі, сондай-ақ магистрлік дәрежесі үшін мұғалімдер 27 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы қосымша ақы алады. Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектеп, колледж, қосымша білім беру және балабақша педагогтерінің лауазымдық жалақысы тағы да 25%-ға артады", - деді министр. Президент жолдауында ғылым саласын дамыту мәселелеріне тоқталды. Білім министрі осы ретте бірқатар жұмыс атқарылатынын жеткізді. Жас ғалымдардың ғылым саласына келуін қамтамасыз ету үшін "Жас ғалым" жобасы бойынша 1000 зерттеу гранты бөлінбек. "Жер қойнауын пайдаланушылар жұмсаған шығындарының 1%-ын ғылым мен технологияларды дамытуға бағыттау туралы норманың іске асуына қатысты мәселені ғалымдар ұзақ уақыт бойы айтып келеді. Енді осы мәселе де шешімін табатын болды. Бұл мәселе бойынша сала өкілдерінің ұсыныстары Президенттің тапсырмасында көрсетілген. Енді бұл қаражат жалпыұлттық ғылыми басымдықтарды негізге ала отырып, бюджет арқылы ашық түрде бөлінеді. Бұл ғылыми зерттеулер жүргізуге қосымша бағытталатын қомақты қаражатқа қатысты екенін атап өткен жөн", - деп жазды Білім министрі. Министрдің ойынша, жыл сайын 500 ғалымның жетекші ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өту бастамасы оларға шетелдік ғалымдармен ынтымақтастық арқылы бірлескен зерттеулер жүргізуге және өз кезегінде олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. "Жолдауда ғалымдардың осы уақытқа дейін ұсынып келген тағы бір мәселесі айтылды. Еліміздің ғылыми-технологиялық дамуы бойынша жеке бағдарламалық құжат әзірленеді. Оның негізгі ережелерін қалыптастыру кезінде сала өкілдерімен кеңейтілген кеңестер өткіземіз және онда халықаралық тәжірибе ескеріледі", - деп жазды ол.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар