сенбі, 28 қыркүйек, 2024 22:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қашықтан оқытуда ешқандай қиындық жоқ

Қашықтан оқытуда ешқандай қиындық жоқ
ашық дереккөзі
Қашықтан оқытуда ешқандай қиындық жоқ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік пандемияға байланысты ағымдағы жылдың 16-наурызынан бастап Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізген болатын. Осыған байланысты еліміздегі барлық мектеп оқушылары өткен оқу жылының ІV тоқсанын қашықтықтан білім алған еді. Сондай-ақ 2020-2021 оқу жылында да оқытудың бұл жүйесі сақталып, оқу процесі үш түрлі форматта ұйымдастырылды. Атап айтқанда,  қашықтықтан, штаттық, аралас.

Жалпы облыста 442 мектепте 238682 оқушы білім алады екен. оның ішінде, 229 мектепте 147 873 оқушы қашықтықтан білім алуда. Бұл өңірдегі оқушылардың 62 пайызын құрайды. Сол секілді  эпидемиологиялық жағдай тұрақты шалғай елді мекендерде орналасқан 213 мектепте 31975 оқушы дәстүрлі түрде білім алуда. Бұл өңірдегі оқушылардың 13,4 пайызын құрайды екен. Сонымен қатар қашықтықтан оқитын мектептердегі бастауыш сыныптарда 4425 «кезекші сыныптар» ашылып, онда дәстүрлі түрде 58834 оқушы оқу үстінде.

– Шалғай ауылдар мен «кезекші сыныптарда» барлығы - 90 809 оқушы дәстүрлі түрде оқуда. 2 тоқсаннан бастап, облыстағы штаттық режимде жұмыс істейтін мектептердің саны 14-ке артты. Сонымен қатар 227 мектепте 4414 кезекші сынып жұмыс жасап, 1-5 сынып оқушылары аралығында 59090 оқушы қамтылады. Ал, 215 мектепте 144108 оқушы қашықтықтан білім алатын болады, – дейді облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы үлнар Ходжабергенова.

Қашықтан оқыту барысында мұғалімдердің алдын – ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі жоғарламайтыны белгілі. Өйткені оқушының білімін, үлгерімін көтеруіміз үшін оқытушының біліктілігін көтеру қажет-ақ. Дегенмен қашықтан оқыту бұл мұғалімнің біліктілігін көтеретіні белгілі. Сонымен қатар оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді. Бұл орайда, облыс әкімдігі білім басқармасы өңірдегі мұғалімдердің біліктілігін арттыруды жолға қойған. Сонымен қатар жағдайы жоқ отбасылардың балаларына түрлі техникалар алып беріп, қашықтан сапалы білім алуына жағдай жасау үстінде.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар