жұма, 22 қараша, 2024 20:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Компьютермен жабдықтау мәселесі басты назарда

Компьютермен жабдықтау мәселесі басты назарда
ашық дереккөзі
Компьютермен жабдықтау мәселесі басты назарда

2020-2021 жылғы оқу жылында қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты еліміздің барлық мектептерінде 1-11 сыныптар үшін оқытуды дистанциялық форматта оқу үстінде. Сондай-ақ тек шалғайдағы ауылдардағы шағын жинақты мектептер мен бастауыш мектептердің «кезекші сыныптары» барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтаумен әдеттегідей оқытылуда. Бұл орайда, қашықтан білім беруде оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету мәселесі басты назарда. Сондықтан ел Үкіметі аса мұқтаж отбасылардың балаларына пайдалану үшін 500 мыңға жуық компьютерді беруді қамтамасыз етуде.

Сол секілді облыс әкімдігі білім басқармасы өңірде қашықтықтан оқитын мектептердегі 33 689 дана компьютер аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім алуды қажет ететін балаларға үлестірген.  Сонымен қатар қашықтықтан оқытуға дайындық жұмыстарының іс-шаралары шеңберінде оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге жергілікті бюджет есебінен 4388 компьютер алынса, жыл соңына дейін тағы да 585 компьютер алынбақшы екен.

Бұдан өзге республикалық бюджеттен 26483 дана компьютерлік техникаға 4,1 миллиард теңге бөлініпті. Бүгінгі күнге мектептерге 8992 (34%) компьютерлік техника жеткізіліп, таратылған. Оның ішінде 3571-планшет, 2756-моноблок, 2665-ноутбук бар екенін де айта кеткен жөн.

Облыс әкімдігі білім басқармасының берген мәліметтеріне сенсек, алдағы уақытта республикалық бюджет есебінен 17 491 ноутбук алынып, оқушыларға таратылады екен.

Тағы бір тілге тиек ете кетер жайт, қашықтықтан оқитын мектептердегі аз қамтамасыз етілген және көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасылардың балаларын интернетпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен сатып алынатын 20 003 роутердің бүгінгі күні 16333-і мектептерге жеткізілген. Сондай-ақ қараша айының соңына дейін 3670 роутер сатып алынбақшы екен.

«Кезекші» сыныптардың жұмыс істеуі бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты оқытылуда. Алайда, мектептерде санитарлық қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілген. Балалар тек бір кабинетте оқу үстінде. Есесіне, әр уақыттағы үзілістер, кіру кезінде температураны өлшеу, желдету, кварцтау және ылғалды тазалау режимдері де қатаңдатылған. Әлеуметтік қашықтықты ұйымдастыру үшін оқыту ауысымына, 10-15 баладан аспайтын шағын топтарға бөлу, мектепте оқу күндерін кезектестіру мәселесі жолға қойылған.  Сонымен қатар пәндердің бір бөлігі қашықтан оқытылып жатқанын да айта кеткен жөн.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар