дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда жетімдер үйі азайып жатыр – ресми мәлімет

Қазақстанда жетімдер үйі азайып жатыр – ресми мәлімет
Коллаж: Ернар Балғабай
3 жыл ішінде 21 ұйымның жабылғаны белгілі болды

Қазақстанда жыл сайын жетімдер үйі азайып жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел кезінде Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оның айтуынша, жыл сайын Қазақстандағы отбасылар шамамен 1000 жетім баланы асырап алады екен. Қазір елдегі 21 мың жетім баланың 17 мыңнан астамы асырауға берілген.

«Әрбір бала отбасында өмір сүруге құқылы. Қазір 21 мың жетім баланың ішігде 17 600 бала Қазақстандағы отбасыларда тәрбие алып жатыр. Жыл сайын Қазақстан азаматтары отбасына 1000-нан астам жетім баланы қабылдайды. Біз балалар үйлерін институционалсыздандыруды жалғастырып жатырмыз.  3 жыл ішінде олардың саны 21 ұйымға азайды», - деді спикер.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Қарағанды облысының прокурорлары 2011 жылы анасы тастап кеткен бала қағаз жүзінде жетімдер үйінде тіркелгенін, бірақ, шын мәнінде ол баланың қайда өмір сүріп жатқаны белгісіз екенін хабарлаған еді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар