жексенбі, 7 шілде, 2024 18:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Кітап оқып, ұтып ал!" байқауы өтті

"Кітап оқып, ұтып ал!" байқауы өтті
ашық дереккөзі
"Кітап оқып, ұтып ал!" байқауы өтті

Меркі ауданы Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша 100 кітап жобасы аясында "Кітап оқып, ұтып ал!" байқауы өткізілді.

Байқау мектеп жоспарына сәйкес, оқушылардың қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау екі кезеңде өткізілді. Алғашқы кезеңге 168 оқушы қатысып, оның қорытындысы бойынша 23 оқушы екінші кезеңге жолдама алды. Шараға мектеп директоры Б.Қыстауов, мектеп әкімшілігі, мектептің шығармашыл ұстаздары, сондай-ақ, ата - аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы М.Рыжова, мүшесі Фарида Айтмұханбетова төрелік етуге атсалысты.

Нәтижесінде "Бас жүлдеге" ие болған 10 сынып оқушысы Ақпейіл Әкімхан, 1- орын Жанеля Әсілбек, 2-орынды Назира Кеңесбай мен Сузанна Федорова, 3- орынды Нұраман Мейрамбай жеңіп алса, Ақжүніс Аманжолава, Аслан Османов, Сымбат Ербол, Үміт Шонаева сынды оқушылар алғыс хатпен марапатталды. 

Байқауға "Туған жерге туыңды тік!" бағдарламасы аясында мектебіміздің демеуші ата-аналарының бағалы сыйлықтары ұсынылды. Бас жүлдеге велосипед тігілді. Осындай іс-шара балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар