жұма, 5 шілде, 2024 1:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауылдастары жалғызбасты анаға үй салып берді

Ауылдастары жалғызбасты анаға үй салып берді
ашық дереккөзі
Ауылдастары жалғызбасты анаға үй салып берді

Бүгін Меркі ауданында «Асарлатып үй салу жобасы» аясында тағы да бір үй  иесіне тапсырылды. Осылайша, Жамбыл ауылдық округінде жалғызбасты, 2-топтағы мүгедек ана жоба асында баспаналы болды. Ауыл тұрғындары жұмыла атсалысқан үй еңесі биік, шаңырағы кең. Округ әкімі Ербол Байболсынов тамыз айында басталған баспана ауыл тұрғындарының ынтымағы мен ауызбіршілігінің арқасында біткенін айтып, атсалысқан барлық азаматтарға алғысын білдірді. Қоныс тойға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Бақытхан Абжапаров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Қамбар Иманалиев, ауыл қариялары мен жомарттық жасаған азаматтар ізгі тілектерін айтып, үй иесіне жүрекжарды лебіздерін жаудырды. Округі әкімі құрылыс жұмыстарына атсалысқан бірқатар азаматтарды материалдық тұрғыда көмек қолын созып, азаматтық танытқаны үшін Алғыс хаттармен марапаттады. Алқызыл лента қиылып, жаңа баспана иесі Амиркулова Махираға үйдің кілті табыс етілді. Үй ішінде жайылған ақ дастарханда қариялар ақ батасын берсе, ауданның бас имамы Батырбек қажы Қасымалиев құран оқып, ізгі тілегін жеткізді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар