жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 6:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент тапсырмасы Қордайда жүйелі іске асуда

Президент тапсырмасы Қордайда жүйелі іске асуда
ашық дереккөзі
Президент тапсырмасы Қордайда жүйелі іске асуда
Бүгінгі таңда республикамызда жеке меншік мектептердің саны едәуір артып отыр. Осының арқасында оқушы орындарының тапшылығын қысқарту, жеке меншік мектептер желісін кеңейту, жаңа озық педагогикалық әдістемелер мен білім беру бағдарламаларын енгізу және оқушыларды қосымша біліммен қамту сынды мәселелердің шешімі табылып, білім беру сапасы артуда. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жеке меншік мектептерді ашу бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Жоғарыда атап өткендей мұндай мектептер білім беру сапасын арттырса, мемлекетке берер пайдасы – бюджетке түсетін жүктеме төмендейді, ал инвестор үшін бұл табысты әрі ұзақ мерзімді бизнес-жоба болмақ. Бұл 150 мыңға жуық халқы бар біздің ауданымыз үшін маңызы зор бастама болғаны анық. Себебі, қазіргі таңда Қордай ауданында тұрғындардың саны артқан сайын мектепте орын тапшылығы сезіледі. Осы орайда 1 қыркүйек күні Қордай ауылында бірден екі мектеп ашылды. Біріншісі «Шығыс» жеке меншік мектебі болса, екіншісі «Дарынды ұрпақ» атты жеке меншік мектебі. Екі нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Рүстем Дәулет барып, құттықтау сөздерін айтып, бұл мектептерден білімді әрі тәрбиелі оқушылар шығатынына сенім білдірді. - Қадірлі көпшілік! Мектеп ұжымы! Сіздерді 1 қыркүйек – Білім беру мерекесі қарсаңындағы бүгінгі есте қалар ерекше салтанат мектептің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Іргелі мемлекетіміздің керегесін кеңейтіп, шаңырағын биік ұстайтын өскелең ұрпақтың дендеріне саулық, ата-аналарына амандық, баршаңыздың еңбектеріңізге мол қажыр-қайрат, жеміс тілеймін, – деген аудан басшысының сөзінен кейін «Шығыс» жеке меншік мектебінің лентасы қиылды. Ашылу лентаны ақжаулықты әже Б.Белғожаева және ардагер ұстаз М.Ықыласова қиды. 50 орынға арналған білім беру мекемесінде 1-4 сыныптарда оқитын балаларға білікті педагогтар білім бермек. Мектеп оқу процесіне қажетті барлық керек-жарағымен толықтай қамтылған. «Дарынды ұрпақ» атты жеке меншік мектепте де 1-4 сынып аралығында 150 оқушы білім алатын болады. Білім беру мекемесі аптасына бес күн әзірше бір ауысыммен, балалар саны артуыменен 2 ауысыммен жұмыс жасайды. Түске дейін кәдімгі мемлекеттік мектептерде секілді сабақтар өтіп, түстен кейін ата-ананың қалауымен қосымша сабақтар және баланың білімге деген құштарлығын арттыратын әр түрлі іс-шаралар өткізіледі. Оған қоса заман талабына сай, математика және ағылшын тілі пәндері тереңдетіліп оқытылады. Бұл жерде білім алуға барлық жағдай жасалған. Атап өтетіні, екі мектепте де оқуы тегін, мемлекеттік мектептерден еш айырмашылығы жоқ. Қазіргі таңдағы елдегі эпидемиялық жағдайға байланысты барлық дерлік мектептерде оқу онлайн түрінде өтсе, аталмыш жеке меншік мектептер шағын комплектті болғандықтан оқу барысы сыныптарда ара қашықтық сақтай отырып өтетін болады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар