Саясат
Азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау — басты назарда
- авторjambylinfo.kz
- 2 қыркүйек, 2020
- 267
Азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау — басты назарда
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы уақытқа арналған міндеттерге барынша тоқталып өтті. Сонымен қатар, ол қазіргі жағдай құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты жаңа талаптар қоятынын да атап көрсетті.
Мемлекет басшысы ең алдымен полиция азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыруы тиіс екенін баса айтты. Басты назар қызмет түрі бойынша қарапайым адамдармен көбірек байланысқа түсетін учаскелік инспекторлардың жұмысына аударылды. Олардың жұмыс нәтижесі бойынша «полицияның қадамдық қолжетімділігі» қағидаты іске асырылуы қажет, бұл тұрғыда азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға қатысты көмек жедел әрі кәсіби түрде көрсетілуі керек.
Жамбыл облысында қылмыстың алдын алу мен ашуда учаскелік полиция инспекторларына үлкен жауапкершілік жүктелген, олардың күш салуымен көптеген қылмыстар, соның ішінде отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстар ашылуда. Ал Мемлекет басшысының заңнамалық тұрғыда учаскелік полиция инспекторының мәртебесін көтеру бастамасы полицейлерге азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Тағы бір мәселе- қоғам үшін қызмет ететін полицейдің жаңа формациясын қалыптастыру. Қарапайым адамдардың көз алдында тәртіп сақшысы – көмекші және дос болуы керек. Сондықтан ел Президентінің мемлекеттік қызметке, оның ішінде құқық қорғау органдарына кадрларды іріктеуге мұқият қарау талабы түсінікті.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше назар аударды. Жамбыл облысының Полиция департаментінде осыған қатысты мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы немесе қызметтік этиканы бұзғаны туралы әрбір әрекеті жан-жақты қызметтік тергеу нысанына айналады.
Сонымен қатар, азаматтардың әрбір сұраныс- талабы консультативтік-кеңесші органның отырыстарында жұртшылық өкілдерінің қатысуымен қаралады. Өңір тұрғындарының БАҚ және әлеуметтік желілердегі өтініш- шағымдарына мониторинг жасау және жедел ден қою бойынша мобильді топ жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменттерімен бірлесіп, профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ауқымды алдын алу жұмыстарының нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзуға жол берген Департамент қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер санының төмендеуіне қол жеткізілді.
Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта жандандырылатын болады.
Жанат Сүлейменов,
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы,
полиция генерал-майоры
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Бүгінгі заман талабы
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024
Саясат
Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024