жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз мектептері қысқы маусымға дайын ба

Тараз мектептері қысқы маусымға дайын ба
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Қазіргі уақытта мектептердің жылу жүйелерін гидравликалық сынақтан өткізу жұмыстары 85 пайызға орындалып отыр

Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаил шаһар аумағындағы бірқатар білім нысанын аралап, олардың алдағы жылу маусымына дайындығын тексерді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы №44, №31, №8, №33 білім нысандарын аралаған.

Әуелі Қайрат Әбілханұлы Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектептің жылу жүйесін жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазір мұнда өрт дабылы орнатылып, жылу желілері жаңа кейіпке енуде. Осылайша, жуырда жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталып, аталған мәселе өз шешімін таппақ.

Осы ретте айта кетерлігі, ағымдағы жылы мектептердің жылу жүйелерін гидравликалық сынақтан өткізу жұмыстары басталып, 85 пайызға орындалып отыр. Айталық, 12 оқу ошағының жылу жүйелерін гидравликалық сынақтан өткізу кезінде ақаулар анықталып, оларды ағымды жөндеуден өткізу үшін сметалары дайындалуда. Енді қаражат көздерін қарастыру туралы бюджеттік өтінім білім басқармасына ұсынылады.

Бұдан кейін Қ.Исмаил №31 орта мектептің ауласын қоршау жұмыстарын көрді. Мұнда да тиісті жұмыстар межеленген мерзімінде бітуге таяу.

Келесі кезекте Қайрат Әбілханұлы Төле би атындағы №8 гимназияға аялдады. Аталған оқу ордасының спорт алаңына жасанды төсеніштер төселуде. Сондай-ақ Қ.Исмаил М.Әуезов атындағы №33 орта мектепке барып, асфальт жабындысын төсеу және абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Өз кезегінде балалардың қауіпсіздігі басты назарда екенін баса айтқан Қайрат Әбілханұлы жұмыстарды дер кезінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

 

 

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар