Таразда есірткіні бұрыштарға қойып кетумен айналысқан 20 жасар жігіт ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 30 шілде, 2024
- 426
Жамбыл облысында полицейлер есірткіні жасырын орынға қойып кетумен айналысқан ер адамның «жұмысын» тоқтатты. 20 жастағы күдікті салмағы 10,47 грамм болатын ірі көлемдегі «альфа PVP» психотроптық есірткі заттарымен ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құрықтау кезінде одан салмағы 4,6 грамм болатын «синтетикалық есірткінің» 10 бумасы табылды. Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту жұмыстарын жүргізу барысында ас үйден және қоқыс салынған жәшіктен "альфа-PVP" психотроптық заты оралған zip-пакеттер табылды.
Жауап алу барысында ұсталған адам есірткіні қалдырған мекенжайларды көрсетті. Сонымен 12 жасырын орыннан 5,69 гр синтетикалық есірткі тәркіленді.
Ол «Telegram» мессенджеріндегі жетекшісінің нұсқаулары бойынша есірткі салынған бумаларды суретте көрсетілген орындарға барып алып отырған. Полицейлер қылмыстық әрекетке қатысы бар болуы мүмкін басқа тұлғаларды анықтау шараларын жүргізуде.
- Есірткі бизнесі саласына күдікті 2 апта бұрын келген екен. Өзінің қаржылық мәселелерін шешу үшін ол психотроптық заттарды тікелей байланыссыз өткізуді ұйымдастырған. Бір реттік жұмыс үшін оған 1200 теңге төленген. Қазіргі таңда есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қылмыстық іс бойынша одан әрі жедел іс-шаралар мен тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деп атап өтті ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Тараз мектептері қысқы маусымға дайын ба
Ұқсас жаңалықтар
Таразда балабақшалардың бірлескен семинары өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қараша, 2024