сәрсенбі, 8 қаңтар, 2025 10:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алаңдаушылық тудырып отыр - Асхат Аймағамбетов

Алаңдаушылық тудырып отыр -  Асхат Аймағамбетов
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Депутаттың сөзінше, Қазақстанда жеке мектептер банкрот болудың аз-ақ алдында тұр

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов еліміздегі жекеменшік мектептерді қаржыландыру республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке берілгендіктен көптеген оқу ордасының жұмысы тұралауы мүмкін екенін алға тартады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл туралы ол желідегі парақшасына жазған.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанда жекеменшік мектептердің саны небәрі 25-30 ғана болатын. Бүгінгі күні олардың саны 800-ден асты. Бұл – Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырыс пен жан басына қаржыландыруды енгізген мақсатты саясатының нәтижесі. Осылайша, жеке мектептер желісі тез дамып, мемлекет мектептердегі үш ауысымдылық мәселесін, әсіресе оңтүстік өңірлер мен ірі қалаларда, шешуге мүмкіндік алды. Жүздеген мың жаңа оқушы орны құрылып, жүздеген мемлекеттік мектептер үш ауысымдылықтан құтылды. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Жеке мектептерге әртүрлі көзқарастар болуы мүмкін, олардың сапаға қатысты проблемалары да бар, бірақ мектептер арасында альтернатива мен бәсекелестіктің болуы жалпы жүйе үшін пайдалы. Алайда қазір жеке мектептердің дамуы алаңдаушылық тудырып отыр. Көптеген мектептер, әсіресе ата-аналардан қосымша қаражат алмай, тек мемлекеттік тапсырыс есебінен жұмыс істейтіндері, банкрот болудың аз-ақ алдында тұр,- деді депутат.

Биыл ағарту ошағына берілетін қаржы кешігеді. Сондықтан жағдай нашарлауы мүмкін. Өйткені, жеке мектептерді қаржыландыру республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке берілген. Алайда қолдағы ақпаратқа сәйкес, барлық әкімдіктер бұл өзгерістер туралы біліп, тиісті қаржыландыруды толығымен бөлбеген.

-          Мемлекеттік қаржыландыру үлкен кешігулермен түседі. Бұл тек есеп беру құжаттарындағы сандар емес – бұл мұғалімдердің жалақысы, коммуналдық қызметтер, салықтар. Оның үстіне, көптеген мектептер 2023 және 2024 жылдарға арналған қаржыландыруды әлі күнге дейін толығымен алмады. Бұл мәселе жекеменшік мектептердің жұмыскерлерімен болған кездесуде ашық көтерілді, өйткені тұрақты қаржыландырусыз мектептердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Биыл жағдай одан әрі нашарлауы ықтимал. Жеке мектептерді қаржыландыру республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке берілді. Алайда қолдағы ақпаратқа сәйкес, барлық әкімдіктер бұл өзгерістер туралы біліп, тиісті қаржыландыруды толығымен бөлген жоқ. Қазіргі таңда кемінде 80 млрд теңгеге жуық қаражат жетіспейді. Жақын арада бұл мәселе шешіліп, мектептердің үздіксіз қаржыландырылуы қамтамасыз етіледі деп үміттенемін,- деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар