дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Біліктілік санатын бермей қойған". Мұғалім сотта жеңіп шықты

"Біліктілік санатын бермей қойған". Мұғалім сотта жеңіп шықты
Фото - ашық дереккөз
Ұстаз Астанадағы білім басқармасын сотқа берген

Астаналық мұғалім өзіне "мұғалім-модератор" санатын беруден бас тартқан қалалық білім басқармасын сотқа берген. Сот мұғалімнің арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  

Астанадағы білім басқармасы жұмыс өтілі жеткіліксіз деген сылтаумен тарих пәнінің мұғаліміне "мұғалім-модератор" санатын беруден бас тартқан.

Педагог қызметкерлерді аттестаттау бес жылда бір реттен кем емес өткізіледі деген негізде мұғалімнің өтінішін қабылдамаған. Ұсынылған еңбек кітапшасына сәйкес талапкердің мұғалімдік өтілі 5 жылға жетпейді.

"Мұғалім-модератор" санатын ала алмаған ұстаз Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінген.

 

  • Істі қарау кезінде Педагог қызметкерлерді аттестаттау қағидалары мен шарттарына сәйкес біліктілік санатын беруге екі жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар адамдар өтініш бере алатынын анықтады. Тарих пәні мұғалімінің екі жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар болып шықты,- делінген хабарламада.

 

Сот білім басқармасының арызданушының біліктілік санатын көтеруден бас тартуға заңды негіздер жоқ деген қорытындыға келіп, істі мұғалімнің пайдасына шешті.

 

  • “Аттестаттау комиссиясының хаттамасы заңсыз деп танылып, күші жойылды. Ол заңдылықтың негізгі қағидасын бұза отырып шығарылған. Өйткені заңда екі жылдық жұмыс өтілі туралы талап тікелей қарастырылған. Мұғалімнің санатты жоғарылату құқығы қалпына келтірілді.”, – деп мәлімдеді Жоғарғы сот.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар