Назарбаевтың бұрынғы құдасы Асқар Ақаев экс-президент мәртебесін қайтарып беруді сұрады
- авторjambylinfo.kz
- 5 қыркүйек, 2024
- 630
Асқар Ақаев экс-президент мәртебесін қалпына келтіргісі келетінін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Kaktus.media жазуынша, Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және регламент жөніндегі парламенттік комитеттің төрағасы Шолпон Сұлтанбекова Асқар Ақаев экс-президент мәртебесін қайтарып беруді сұрағанын айтқан.
Оның айтуынша, Ақаевтан хат бүгін, 5 қыркүйек күні таңертең келіп түскен.
"Мәселе бірден күн тәртібіне қойылмайды. Алдымен оны фракциялар мен депутаттар қарастырады. Осыдан кейін ғана ол күн тәртібіне енгізіледі", - деді ол.
Айта кетейік, Асқар Ақаев 2005 жылғы 24 наурыздағы "Қызғалдақ төңкерісі" нәтижесінде Қырғызстаннан кеткен еді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз