Қазақстанда қандай ұстаздар аттестаттаудан босатылатыны белгілі болды
- авторjambylinfo.kz
- 27 наурыз, 2024
- 10.8k
Оның айтуынша, педагогтердің аттесттаудан өту талаптарына өзгерістер енгізіліп жатыр. Қазір барлық мұғалімдер қауымына ол өзгерістер таныстырылып жатыр.
«Педагогтердің аттесттаудан өту талаптарына өзгерістер енгізіліп жатыр.
1. Аттестаттау комиссиясы қаңтар - маусым айларында жұмыс істейді және жылына 1 рет шешім шығарады, осылайша педагогтер 1 қыркүйектен бастап жалақыларына тиісті үстемақы алады.
2. Білім беру ұйымы педагогтерді аттестаттау үшін материалдарын қалыптастыруға жәрдемдеседі. Бұл ұжымдағы келісім мен өзара ынтымақтастықтын нығайтуға септігін тигізеді, әрбір аттестаттаудан өтетін педагогке ұжым басшылығы тарапынан нақты қолдаулар көрсетіледі;
3. Егерде педагог уақытша еңбекке жарамсыз болса, декреттік демалыстан шықса немесе білім беру ұйымынан мемлекеттік органдарға немесе әдістемелік кабинетке ауысса, онда оның біліктілік санатының қолданыс мерзімі 2 жылға дейін ұзартылады (бұрын 1 жыл);
4. Екінші, бірінші, жоғары санаттағы (ескі формат) педагогтерге қолданыстағы форматқа ауысуға жақсы мүмкіндіктер қаралған: олар кез-келген біліктілік санатына арыз бере алады ("шеберден" басқа) және оң нәтижелер болған жағдайда таңдаған санаты бекітіледі.
5. Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады», - деп хабарлады ол.
Раушан Қожамжарова мәлім еткендей, Тараз қаласы бойынша 2023 жылы 2724 педагог біліктілікті арттыру курстарынан, 897 педагог аттестаттаудан өткен. Оның ішінде 194-і «Педагог-зерттеуші», 189-і «Педагог-сарапшы», 514-і «Педагог-модератор» біліктілік санатын алған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз