дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жоғарғы сот Бишімбаевтың ісін қарайтын алқабилер сотын фото, видеоға түсіруге тыйым салды

Жоғарғы сот Бишімбаевтың ісін қарайтын алқабилер сотын фото, видеоға түсіруге тыйым салды
Коллаж: jambylinfo.kz
Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас мәлім етті

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс басталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Өздеріңізге мәлім, Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот талқылауына қоғамның қызығушылығының артқанын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарынан ашық онлайн-трансляция ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Осылайша, онлайн-трансляция арқылы кез келген адам, соның ішінде БАҚ өкілдері бұл сот процесінің барысын бақылай алады», - деп жазды Перизат Сәдуақас.

Осы ретте ол сот процесі кезінде тыйым салынған бірнеше әрекеттерді атап өтті.

«Алқабилер алқасын ықтимал қысымдардан қорғау, соның ішінде олардың жеке басын анықтауға жол бермеу үшін алқабилер алқасын фото және бейнежазбаға түсіруге жол берілмейді. Залда жүруге, процесс аяқталғанша залдан шығуға, шу шығаруға, сөйлесуге (бір-бірімен, телефонмен), процеске қатысушылардың назарын бөлуге болмайды», - дейді ол.

Айта кетейік, кеше біз осы сот отырысына қатысатын алқабилерді іріктеу тәртібі туралы хабарлаған едік.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар