дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 22:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаевтың сотына қатысатын қарапайым 10 алқа би қалай іріктеледі

Бишімбаевтың сотына қатысатын қарапайым 10 алқа би қалай іріктеледі
Коллаж: jambylinfo.kz
Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысатын он негізгі алқа би мен екі қосалқы алқа би автоматты тізімнен алынады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Фэйсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына түсіндірме жариялаған Перизат Сәдуақастың айтуынша, ертең, 27 наурызда сот алқабилерді таңдауға кіріседі.

«Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы, егер кейбіреулері ауырып қалса немесе күтпеген жағдайлар туындаса) алқабилер алқасы қалыптастырылады. Осы мақсатта соттың сұрауы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде қалыптастырылған бастапқы тізімдегі 300-ге жуық адам сотқа шақырылды. Ақпараттық жүйе заң талаптарына сәйкес келетін (25 жастан 65 жасқа дейін және т.б.) азаматтарды тізімге кездейсоқ түрде енгізеді», - дейді Перизат Сәдуақас. 

Айыптаушы және қорғаушы тараптың қатысуымен өтетін отырыста кандидаттардың сотталған, сотталмағаны, процесске қатысушылармен туыстығының бар-жоқтығы,  психикалық, мінез-құлқына байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында тіркеуде тұрғандар-тұрмағандығы тексеріледі.

«Қосалқы алқабилер де сот отырысына қатысуға міндетті, бірақ кеңесу бөлмесіне 10 негізгі алқаби мен 1 судья барады. Алқабилер алқасына қандай да бір жолмен ықпал етуге болмайды. Алқабиге соттағы өз міндеттерін атқару кезеңінде судьялардың тәуелсіздігінің кепілдіктері беріледі. Сондай-ақ алқабилерді іріктеу рәсімі жабық сот отырысында өтуі заң жүзінде бекітілген. Алқабилер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстары мемлекеттің қорғауында болады», - дейді Перизат Сәдуақас.

Естеріңізге сала кетейік, әйелдін өлтірді деген күдікпен қамауда отырған Қунадық Бишімбаев алдын ала тыңдау кезінде сотына алқабилер қатыссын деген тілегін айтқан. Ертең, 2024 жылдың 27 наурызында алқабилер таңдалатын отырыс жабық түрде өтеді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар